Бәріміз білетіндей,
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні.
Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
⠀
Осы орайда парақшамда 5-15 қыркүйек аралығында байқау өткізгім келеді.
Байқауға қатысу үшін Тіл тақырыбында:
- кез келген ақынның немесе өзіңіздің өлеңді жатқа айтып, 1-2 минуттық видео түсіру (эстетикалық талаптар сақталған болуы керек);
⠀
- ән айтып, видео арқылы жолдау;
⠀
-өз ойыңыздан эссе немесе жазба жазу;
⠀
-анық түстермен сурет салу;
⠀
-мақал-мәтел жаттап, видеоға түсіру;
⠀
-шешендік өнер, нақыл сөздерді жатқа айту
⠀
бойынша өнерлеріңізді 15 қыркүйекке дейін ватсап
8 708 753 71 51 нөміріме жіберіңіздер!😊
⠀
Байқау нәтижесін 17 қыркүйек күні әділ қазы шешімімен анықтайтын боламын.
⠀
Белсене қатысқан оқырмандарыма әр номинация бойынша мақтау қағазы және сыйлық болатынын ескертемін.🎁