Жаңа 2020-2021 оқу жылының басталуымен баршаңызды құттықтаймын. Өздеріңізге белгілі, санитар дәрігерлердің талаптарына сәйкес карантин жағдайында жаңа оқу жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты әртүрлі форматта басталды.
Балалардың жас ерекшелігі мен ата-аналардың тілегі ескеріліп, мектебімізде санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, 1-4- сынып оқушылары үшін кезекші 1132 сыныптар жұмыс істеп тұр. Сабаққа келген әрбір оқушы санитарлық қатаң бақылауда. Жаңа оқу жылында 992 оқушы қашықтан білім алу үстінде. Мектебіміз отандық білім платформаларын Kundelik.kz, OnlineMektep пайдаланып отыр. Сонымен қатар, «Балапан» және «Ел Арна» республикалық телеарналарынан көрсетілетін телесабақтарды қолданып жатыр.
Мен үшін ең бастысы-баланың денсаулығы мен амандығы.
Біздің мойнымызда үлкен жауапкершілік бар. Қазіргі таңда " Сенің міндетің, менің міндетім" деп ала қойды бөле жармай, бірлікті ту етейік. Бала ортақ, ұрпақ ортақ. Уақытша қиындықты бірге еңсерейік!