"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Кітапханашы лауазымына орналасуға конкурс

03.06.2024

«Ақмола облысының білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Кітапханашы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

КММ мекенжайы: Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Лесная поляна, 18/1. Телефон: 8 (716-51)790-77.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар.

Кітапхана жұмыс саласында 5 жылдан кем емес, кітапханашы кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген сертификаттың болуы.

Мынадай біліктілікке ие болуы қажет: бастамашы, коммуникативті, талдамашы, жинақы, әдепті және сыбайлас жемқорлыққа төзбестік. Білуі қажет: Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық, еңбек, қаржылық, әкімшілік құқық заңын және аталған санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындауға қажетті білімі болуы қажет. 

 

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына, біліміне және біліктілік санатына байланысты.

 

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларда мынадай құжаттар болуы қажет:

      1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

     3)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау келесі жолдармен жүзеге асырылады: №2 Қосшы орта мектебінде: Қосшы қаласы, Лесная поляна 18/1, 210 кабинет, 09.00-13.00 және 14.30-18.30.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: 8 (716-51)790-77.

электрондық мекен-жайы: 2kosshyom@mail.ru

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін камтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей кадр қызметін хабардар етеді.

Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Просмотров: 464


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст