"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Ұлттар достастығы – татулықтың тал бесігі

03.05.2020

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,  көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.  Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман.

Мектебімізде 23 түрлі ұлт өкілдері білім алады. Мектептің негізгі контингентін ұлты қазақ оқушылар құрайды. Қалған оқушылар –  орыстар, ұйғыр, өзбек, татар, корей, неміс, украин, тәжік, болгар, поляк, башқұр және т.б. Бұл оқушылар қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлейді.  Біз сыныптан тыс қарым-қатынас барысында қолданылатын басқа да тілдерді бағалаймыз және құрметтейміз. Біз қауымдастығымыздың көп тілді екендігін ұмытпаймыз. 

Оқушылардың ана тіліне ерекше назар аударылады. Мектеп қауымдастығының ажырамас бөлігі ата-аналар болып табылады. Олар ана тілін меңгеруде қолдау көрсетеді. Олар тілдік дағдыларды дамыту үшін үйде тілдік ортаны құруға септігін тигізеді, үй тапсырмаларын орындауға көмектеседі, мұғалімдермен ынтымақтасады, балаларына ана тілінде көркем шығармаларды оқиды, мүмкіндігінше мектепте өз халқының мәдениеті мен дәстүрлерін таныстыру мақсатында әртүрлі іс- шараларға қатысады. 

Просмотров: 735


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст