Әке - отбасының тірегі, асыраушысы. Әкенің бала тәрбиесіндегі ықпалы аса күшті. Әкенің отбасындағы беделінің биіктігі балаға айтарлықтай әсер етеді. Қоғамда көбінесе, бала тәрбиесімен тек әйел адам айналасуы қажет сияқты көзқарас қалыптасты. Бірге өсірген егіннің жемісін де ата-ана бірге көрмей ме? Әке тарапынан бірге көрсетілетін қамқорлық, ілтипат, жылы қабақ, түсіністік оған сенім, күш сыйлайды.
Бала жарық өмірге еш қорғансыз, дәрменсіз, періште қалыпта келеді. Оның өмірі мен денсаулығы, болашағы оның айналасындағы ересектерге тікелей байланысты. Махаббат пен ізгілік аясында есейген, ержеткен, өсіп-өнген бала кейін айналасына да көп жақсылық әкелмек. Ендеше, ата-ана мен баланың арасында шынайы адал сүйіспеншілік, рухани жақындастық, екі жақты өзара сыйласымдылық, сенім болған жағдайда бала өз көзқарасы мен ақыл-ой тұрғысында нық тұрып, болашақта ата-анасының мықты тірегіне айналмағы сөзсіз.
* Балаңызды жақсы көріңіз және ол ешқашан оған күмәнданбасын.
* Баланы қандай болса, солай қабылдаңыз – барлық абыройы мен кемшілігімен қабылдаңыз.
* Баланың жақсы қасиеттерін көріңіз, оның мүмкіншіліктеріне сеніңіз. * Балаңызды түсінуге ұмтылыңыз, оның ойы мен сезіміне тереңірек сезінуге тырысыңыз, жиірек оның орнына өзіңізді қойыңыз.
* Баланың жетістігі үшін оған жағдай жасаңыз, ол өзін мықты, епті және жолы болғыш сезуіну үшін жағдай туғызыңыз.
* Өзіңіздің орындалмаған мақсаттарыңыз бен тілектеріңізді балада іске асыруға ұмтылмаңыз.
* Баланы сөз емес, өзіңізден көрсетілген үлгі тәрбиелейді.
* Өз балаңызды басқа баламен салыстырмаңыз, әсіресе оны үлгіге қоймаңыз. Әр баланың ерекше екенін, қайталанбайтынын есте сақтаңыз.
* Бала өзіңіздің қалауыңыз бойынша өседі деп үміттенбеңіз.