Аутизмді бірінші ашып зерттеген америка психиатрі Лео Каннер. Балалық аутизмі әр түрлі болады және зиятпен сөйлеу дамуының деңгейлері әр түрлі болады. Аутизм — (гр. autos - өзім) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл- күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейхер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген.
Аутизмнің пайда болу себептері? Ғалымдардың ең соңғы мәліметтер бойынша аутизмге ұшыраған балалардың тумыстан миында кінарат ( мидың бір бөлігі нашар дамыса, екінші бір бөлігі өте жақсы дамыған, дамыған хромосомалық өзгерістермен зат алмасуды бұзылуы, гендік деңгейдегі өзгерістер) бар екені анықталды.Гендік пайда болуына, жүкті кезінде болашақ анаға қоршаған ортаның қолайсыз экологиялық жағдайы, стресстер әсер етеді. Әдетте бала миының эмоцияға жауап беретін орталығы бұзылады. Олардың қанның құрамында ерекше белоктар анықталған. Бұл жерде тұқым қуалаушылықтың маңызы зор.
Дайындаған: №2 Қосшы орта мектебінің логопедтері