«Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан»
Танымдық кеші, өткізілген күні, орны: 11.12.2023
Қатысқан оқырман саны: 48 оқушы, жауапты: Нурбаева Г.Р., Имаханова К.А.
Тәуелсіздік – бақытым,
Алтын,күміс,жақұтым.
Құны шексіз өлшеусіз,
Баға жетпес бақ – құттым.
Қазақтың төл мерекесі 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған мәдени іс-шара «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» атты тақырыпта Қосшы №2 мектеп кітапханасының оқу залында тарих пәні муғалімі Койшуев Берикжан Какимовичпен бірлесіп 10 -11 сынып оқушылары арасында класс жетекшілерімен бірлесе Жалғасбекқызы Маржан, Қызылбаева Перизатпен өткізілді.
Оқушылар ой қабілетін арттырып, өз ойларын ортаға салды, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа деген сезімдері нығая түсті.
Мақсаты: оқушыларға тәуелсіздік туралы аңсап жеткен азаттық, туған жерін, елін сүюге, ел рәміздерін, тарихын білуге, Отанын қастерлеуге шыншылдыққа тәрбиелеу.