Қарашаның айының 24 күні Қосшы каласы бойынша 7-11 сынып оқушылары (қыздар) арасында Р.Қошқарбаев атындағы "№ 1 " жалпы орта білім беретін мектепте волейбол жарысы өткізілді. Мектебімізден волейбол үйірмесінің қыздар командасы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша қыздарымыз жүлделі III орынға ие болды.
2019 жылдан бері тұрақты жұмыс істейтін қыздар арасындағы волейбол үйірмесі жұмыс істейді. Мектептің білім беру функциясымен қатар, оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына, бос уақытын тиімді өткізуіне арналған үйірменің жетекшісі — мектептің дене шынықтыру пәнінің педагог-сарапшы мұғалімі Шакимов Берік Жеңісұлы. Жеткен жетістіктерінің қатарында 2022 жылы Қосшы қаласында волейболдан тұңғыш ұйымдастырылған жарыста «Арман» командасы бас жүлдені жеңіп алды.«Арман» командасының волейболшы қыздары үшін сүйікті спортымен айналысу шынында да арманның орындалғаны десек қате айтқандық емес. Команданың күнделікті жаттығу жасап, жарыстарға жиі қатысуына мектеп басшылығы үнемі қолдау көрсетіп келеді. Бұдан бөлек ата-аналар тарапынан да үйірме жұмысына деген қолдаулары сезіледі. Мектебіміздің мәртебесін арттырып, жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп жүрген «Арман» волейболшыларына алдағы жарыстарда да жеңіс тілейміз.
/public/files/2023/11/27/271123_091327_whatsapp-video-2023-11-27-at-055429.mp4