Қарашаның 10-ы күні «Ана тіліміздің қадірін біліп жүрміз бе?» тақырыбында кітапхана меңгерушісі Нурбаева Г.Р. және Имаханова К.А 3 сынып оқушыларымен ақпарат сағатын өткізді.
Мақсаты: Қазақстанның мемлекеттік тіліне деген қызығушылығын арттыру, елін, жерін, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Қазіргі таңда өз ана тілінде таза сөйлеу - әрбір адамның ұлттық мақтанышы, жан азығы. Өз тілін, өз ата – бабасын, өз топырағын менсінбеген ұрпақтан жақсы азамат шығады деп айтуға болмайды. Сондықтан мемлекетіміздің даму барысында ана тілінде таза, мәдениетті, дұрыс сөйлейтін ұландарды тәрбиелеудің ролі орасан зор.
Ана тілін жырламаған ақын жоқ екендігі де сөз болып, ақын-жазушыларымыздың өлеңдері оқылды. Сондай-ақ «Мақал-жауап» яғни мақалдың бір жолы айтылып,оқушылар жалғасын тапты. Өзге де ұлттардың ұлы ақындары ана тілін биік ұстап арындай қастерлейтіндіктерін,сол ұлт ақындарының тіл туралы айтқан пікірлерінде үлкен мән жатқандығы да айтылды.
Мемлекеттік тіліміз,өз ана тіліміз қазақ тілінің денгейін көтеру Қазақстан азаматтарына жүктелетін міндет екенін естен шығармауымыз керектігі жайында «Ана тілі – қуатым менің» атты әңгімеміз кеңінен қамтылды. «Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра» кітап көрмесіне шолу жасалды.