Текст
Қосшы қаласында Республика күні мерекесі қарсаңында Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін насихаттау, дәріптеу мақсатында ақын Бауыржан Қарағызұлының шығармашылығына арналып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша облыстық байқау өткізілді. Байқауға алдын ала іріктеуден өткен Ақмола облысының жастары қатысты. Байқауға мектебімізден 2 оқушымыз қатысып, байқау нәтижесі бойынша 10 сынып оқушысы Орынбасар Махаббат Жандосқызы ІІІ орынға ие болып, қаржылай сыйлықпен марапатталды және 9 "Ә" сынып оқушысы Орынбасар Кәусар белсенділік алғыс хатын алды.