"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Адамзаттың хакімі-ұлы Абай

22.02.2020

2020 жылғы 22 ақпанда Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы №2 орта мектебінде қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойына арналған «Адамзаттың хакімі-ұлы Абай»  атты әдеби-танымдық іс-шарасы болып өтті. Шараға ҚР Еңбек сіңірген әртісі Майра Ильясова, әнші Қарақат Әбілдина, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп басшылары, аудандық мәслихат депутаты С.Ә.Матайбаева, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының қызметкерлері, Назарбаев университетінің PhD студенттері Хамза Тарык, Уильям Кьюди қатысты.

Шарада Абайдың дүниеге келуі, оқудан келген сәті, Абайдың шаңырағына қазақтың асыл азаматтары қонақта болуы, қарасөздерін жазып отырған сәті бейнеленген көріністер тамашаланды. Сонымен қатар, «Ұлы ұстаз-ұлы Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеде Абай атамыздың шығармалары, атамыз жайлы жазылған әдебиеттер, мерзімдік басылым беттерінен жиналған мақалалар қойылды. Қазақтың ұлттық бұйымдары, ат әбзелдері қойылып, Абай ауылы туралы мәліметтер берілді. Мектеп ұстаздар тобынан құрылған хор «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» əндерін тамылжыта орындады. Мектеп оқушылары мен мұғалімдері ақынның өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын, неміс, түрік, қытай, француз тілдерінде оқыды.  Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне №2 Қосшы орта мектебінің ұжымы мен мектеп директоры Мукашева Мая Чакенқызы ат салысты.

 

Просмотров: 738

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст