09.02.2020
Ақмола облысы бойынша «Бастауыш білім беру,жаратылыстану-математикалық
және қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша
олимпиадалық есептерді шешу және олимпиадалық тапсырмаларды орындау»
тақырыбындағы аймақтық семинар өтті.
Қатысушылар: облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің өкілдері, Ақмола облысының ЖМБ және ҚГБ пән мұғалімдері.
Мақсаты:
- тыңдаушыларды олимпиадалық тапсырмаларды шешу ерекшеліктеріне үйрету арқылы олимпиадалық қозғалысқа ЖМБ және ҚГБ пән педагогтарының теориялық және практикалық дайындық деңгейін арттыру; оқу пәндері бойынша шығармашылық қабілеттері мен зерттеу іскерліктерін дамыту, білімді тереңдету және олимпиадаға дайындаудың білім беру процесін ұйымдастырудың заманауи әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
-
Міндеттері:
- олимпиадалық тапсырмаларды бағалау критерийлерімен танысу, стандартты емес есептерді шешудің стандартты әдістеріне оқыту жолымен мектепте дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату;
- мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін қолдау, педагогикалық шеберлікті арттыру, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау және қолдау;
- оқушыларды олимпиадаға дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерінде педагогтарға әдістемелік көмек көрсету;
- оқушыларды олимпиадаға дайындау кезіндегі қиындықтарды және оларды жеңу жолдарын анықтау;
- оқушыларды олимпиадаға дайындау барысында оқушылармен және олардың ата-аналарымен табысты жұмыс жасаудың ең маңызды психологиялық жағдайларымен танысу.
- "№2 Қосшы орта мектебінің" мұғалімдері Шеберлік сағаттарын өткізді және де Алғыс хаттармен марапатталды.
- «Заманауи өмірдегі робототехника орыны» Кошыбаева Айымгуль Толеугажыевна, Туспек Ернұр Тлеубекұлы информатика пәні мұғалімдері;
- Шеберлік сағаты:«Оқу ынтымақтастығы негізінде оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру» Шакеева Анара Бериковна,
биология пәні мұғалімі;
- Шеберлік сағаты: «Геогебра» бағдарламасы және онымен жұмыс істеу ережелері Оспанова Алма Ардагеровна математика пәні мұғалімі;