Аудандық білім бөлімінің «Снюс» профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылғы 16 қаңтарда мектеп психологтары мен тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру, «Снюс» шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдердің ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлері, олардың алдын алу шаралары, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Снюс – өте қауіпті» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Н.Қ.Жағабаев, М.Б.Дайырбекова, Ұ.Б.Бекбенбетова, жасөспірімдер жөніндегі инспекторы З.С.Шаймерденова, педагог-психологтар А.Ж.Байжанова, Г.Ж.Маратова, Г.С.Бапаева, мектеп медбикесі Қ.С.Толыбаева, 8-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері, аға тәлімгерлер Ә.Е.Ахмет, К.Қ.Жанысбек қатысты.
Оқушыларға дәріс оқылды, сонымен қатар жасөспірімдердің соңғы кезде снюске қызығушылықтары және заң алдындағы жауапкершіліктері туралы айтылды. Снюске түсініктеме беріліп, оның ағзаға келтіретін зияны туралы айтылды. Оқушыларға аудио-визуалды материалдар арқылы толық ақпарат берілді.