Текст
2020 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты,ҚР еңбек сіңірген қайраткері,актер,әнші,композитор Нұрлан Әлімжанұлы педагогикалық ұжыммен және мектеп түлектерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында Мәжіліс депутаты өзінің өмір жолы мен шығармашылығы, Қазақстанның жас ұрпағы туралы әңгімеледі. Барлық сұрақтарына жауап беріп өтті ."Депутат болу қалай, оның міндеттеріне не кіреді, адамдардың өмірін жақсарту үшін не істеу керек?".Педагогикалық ұжыммен және мектеп түлектерімен кездесуде мектеп өмірі мен қоғамның тұрмыстық мәселелері талқыланды, кездесу жан-жақты және достық жағдайда өтті. Қорытынды бөлімде Нұрлан Әлімжанұлы "Өмірлік Жарық"әнін орындады.