"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мектепішілік олимпиада

22.12.2019

«№2 Қосшы орта мектебі» ММ  жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік олимпиада 16 қараша күні 8-11 сынып оқушылары аралығында өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты:

-қабілетті, дарынды балаларды анықтай отыра, олардың білім деңгейлерінің дамуына қамқорлық жасау

- алған теориялық білімін, оны  тәжірибеде қолдана білу іскерлігін анықтау;  мұғалімдердің жауапкершіліктерін арттырып, дарынды балалармен жұмыс істеуіне әрекет ету, аудандық пән олимпиадасына оқушыларды іріктеу. 

 Олимпиада екі кезеңнен ұйымдастырылды. Оқушылардың білімін сарапқа салып, жүлделі І орындарға ие болған 41 оқушының ішінен іріктеліп алынған 24 оқушы аудандық олимпиаданың кезеңінің тізіміне енгізілді.

Аудандық олипмпиаданың екінші кезеңіне 18 оқушы өтіп,14 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде: 1 орындарды 3 оқушы иеленіп, облыстық турға жолдама алды. Екінші орынды 7 оқушы қанжығасына байласа,3 оқушы  үшінші орын иеленді.

 

Просмотров: 561


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст