Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік іс шараға балалар залға қуанышты көңіл күймен кірді.
ҚР Гимні орындалды.
Апталықта әр сынып өзіне берілген талаптар бойынша белсене қатысып өздерінің жасаған жұмыстарын қорғады. Оның ішінде 5-ші сыныптар арасында «Менің Отаным- қазақстан» атты макеттер байқауы ұйымдастырылып үздіктер марапатталды. Бұл байқауда "БАС ЖҮЛДЕНІ" 5 "Г" -сыныбы жеңді.
6-7 сыныптар арасында "ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРЫ" атты бейнероликтерін қорғап оқушылар жүлделі орындармен марапатталды. Оның ішінде 6 "Г" және 7 «З» сыныптары "БАС ЖҮЛДЕНІ" қанжығасына байлады.
9-10 сыныптар арасында «Тәуелсіз – елім қазақстан» атты КТК ойындары ұйымдастырылып үздіктер марапатталды.
Тәуелсіздік күніне арналған жабылу салтанатын 8 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Жиында Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтардың естеліктері тыңдалып, оқушылар ұлт қаһармандарына арнаған өлеңдерін оқыды, «№2 Қосшы орта мектебінің» ММ АКТ залында өткен іс-шара концерттік бағдарламамен түйінделіп, патриоттық әндер шырқалды.