«№ 2 Қосшы орта мектебінде» ММ Қазақстан Республикасының алғашқы президент күніне арналған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» атты сынып сағаты өтті. Бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет-қадірін,тұлғалық тұғырын түсіндіру.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолдары туралы түсінік беру,ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру.
Бүгін бізде ерекше сабақ,өйткені біз бүгін өзіміздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат аламыз.Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасымыздың қосқан үлесі зор.Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп,бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы тұлға.Тәуелсіздік жемістерін,бүгінгі қол жеткізген табыстарын біліп жүру – біздің басты міндетіміз.
Балалар бұл сабақта өздерінің елдерінің патриот екенін дәлелдеді және "Елбасындай болғым келеді" атты тақырыпта қысқаша эссе жазды.