"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Мектепішілік пән олимпиадасы

17.11.2019

№2 Қосшы орта мектебі ММ бойынша мектепішілік пән олимпиадасы өткізілді. 

Олимпиаданың мақсаты: Қабілетті, дарынды балаларды анықтай отыра, олардың білім деңгейлерінің дамуына қамқорлық жасау; алған теориялық білімін, оны  тәжірибеде қолдана білу іскерлігін анықтау;  мұғалімдердің жауапкершіліктерін арттырып, дарынды балалармен жұмыс істеуіне әрекет ету, аудандық пән олимпиадасына оқушыларды іріктеу. 

 

Қатысқан оқушылар: 8-11-сыныптар:  259 оқушы. Республикалық пән олимпиадасын өткізу туралы Ережесі басшылыққа алына отырып,  мектепішілік пән олимпиадасы өткізу Ережесі құрастырылды. Мектеп бойынша бұйрық шығарылып, ұйымдастыру комитетінің құрамы, аттестаттау комиссия құрамы, аппеляциялық комиссия құрамы бекітілді. Олимпиада материалдары әдістемелік бірлестікте қаралып, бекітілді. Олимпиада 2 турда өткізілді. І тур жазбаша (шығарма, мазмұндама, тест жұмысы), ІІ тур ауызша (есептер шығару, практикалық тапсырмалар).

Мектепішілік пән олимпиада қорытындысы бойынша аудандық пән олимпиадасына 49 оқушы іріктелді.

 

 

 

Просмотров: 753


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст