Үстіміздегі жылдың 28 қазан – 3 қараша күндері түрік елінің Анталия қаласында оқушылардың Халықаралық мерейтойлық олимпиадасы болып өтті.
Анталиядағы Х олимпиада – бұл жергілікті басқару әкімшілігінің қолдауы арқасында Туризм Академиясының ұйымдастыруымен өткен зияткерлік жоба. Олимпиадаға 14 елден барған 3000-нан астам оқушылар қатысты.Олимпиадаға қатысушылар жалпы мектеп пәндерінен алған білімдері бойынша жарысқа түсті. Біздің мектептен барған оқушыларымыз жоғары көрсеткіш көрсетті. Олар: 11- сынып оқушыларының арасынан Искакова Дарина, 11 «В» сынып оқушысы ағылшын және орыс тілі пәндерінен 2-орын, 7-сыныптар бойынша Мұрат Аяулым 7 «А», Нургазина Алем 7 «В» сынып оқушылары, ағылшын тілінен 2-орын, 9-сыныптар арасынан Шакизадаев Мақсат 9 «А» сынып оқушысы ағылшын тілі пәнінен 2-орынға ие болды. Оқушылардың барып-келуіне, шығармашылық дамуы мен ынтымақтастығына мектебіміздің ағылшын тілі пән мұғалімдері Карсакпаева Гулмира Когисовна, Караталова Арайлым Муратбековна, Бакинова Жұлдыз Мадиевна белсенділік танытып ат салысты. Мектебімізде Целиноград аудандық білім бөлімінің әдіскері Кабыкенова Айткуль Аманжоловнаның қатысуымен конференция өткізіліп, жеңімпаздарды құттықтап, жекелеме сыйлықтар тапсырылды.