Текст
2019 жылғы 29 қазанда аудан әкімдігінде “Жасөспірімдердің қиын өмірлік жағдайға бармаудың алдын алу” мәселелері жөнінде аудандық қоғамдық кеңес отырысы болып өтті. Шараға Қоғамдық кеңестің төрағасы С.Қ.Ашебеков, аудан әкімінің орынбасары А.К.Айткужинова, аудандық мәслихатының хатшысы Б.М.Ибраев, қоғамдық кеңестің мүшелері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтар қатысты. “Денсаулық және өмірлік дағдылар” бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі туралы мектебіміздің психологы А.Ж.Байжанова баяндама жасады.