Қалалық " Сәкен оқулары " байқауы
15 қазан-ақын С.Сейфуллиннің туған күні. Осы күні Нұр-сұлтан қаласындағы С.Сейфуллин мұражайында дәстүрлі қалалық " Сәкен оқулары " байқауының қорытынды марапаттау рәсімі өтті. Мақсаты- қаламгер, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай біртуар ақын тұлғасын еске алу және соңында қалған мұрасын халыққа насихаттау. Қала мектептерінен " Сыр сандықты ашып қара " өлеңді мәнерлеп оқу номинациясы бойынша 50-ге жуық оқушы қатысты. Біздің №2 Қосшы орта мектебі бұл байқауға қатысуға мұражай әдіскері М.Қойшыбайұлы шақырған болатын. 8 "Ж" сынып оқушысы Шахмашова Ақбота қатысып, мыңнан оза шауып, өзінің қабілетін көрсете біліп, 1-орынға ие болды.
Жетекшісі- қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Изтлеуова Әсел Ибрагимқызы.