"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Күзгі бал - мектеп оқушыларына ең жақын мейрам!

30.10.2019

2019 жылғы 25 қазанда мектебімізде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен “Күзгі бал” байқауы өтті. Іс-шараға 9-11 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты: оқушыларды «Күзгі бал» байқауына қатыстыру арқылы патриотизмдік, азаматтық, мәдениеттілік қасиеттерге тәрбиелеу; оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізуге баулу; сахналық шеберлік дағдыларын дамыту.

Қазылар алқасының шешімімен Күз ханзадасы мен ханшайымы атағын, яғни бас жүлдені 11 “а” сынып оқушылары иеленді. І орынды 9 “ж” сынып оқушылары  мен 11 “б” сынып,  ІІ орынды 10 “ә” сынып иемденсе, ІІІ орынды 10 “а” сынып және 10 “г” сынып оқушылары иеленді. Жеңімпаздар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.  

Просмотров: 608


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст