2019 жылғы 19 қазанда №2 Қосшы орта мектебінің спорт залында тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастырумен “Әкем, анам және мен-шұғылданам спортпен” атты отбасылық спорттық жарысы өткізілді. Спорттық шараның негізгі мақсаты — отбасы мүшелерінің спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Жарысқа 3 сыныптың ата-аналарынан әртүрлі жастағы жалпы саны 13 команда қатысты. Отбасылар барлығы 5 кезең бойынша, оның ішінде эстафеталық таяқшамен жүгіру, допты мәре сызығына дейін жеткізу сияқты спорт түрлерінен өзара сайысқа түсті. Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген барлық қатысушылар сайыстың тартымды, әрі тартысты өтуіне зор септігін тигізді.
Ұйымшылдықпен, спорттағы шеберліктерімен көзге түскен отбасылар арасында: 3 “И” сыныбының «Қуаныш» командасына “Ең белсенді”, 3 “А” сыныбының – «Жігер» командасына “Ең жайдарлы”, 3 “Ә” сыныбының – «Байжановтар» командасына “Ең ынтымақты”, 3 “С” сыныбының – «Арғын» командасына “Ең жылдам”, 3 “Л” сыныбының – «Альтаир» командасына “Ең шапшаң” номинациялары белгіленді.
Барлық қатысқан отбасыларға белсене ат салысқандары үшін дипломдар табыс етілді.