Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 Қосшы орта мектебінде 2022 жылдың 01тамыз бен 12 тамыз аралығында информатика пәнін қазақ тілінде оқытатын мұғалімдері арасында педагогика кадрларының біліктілігін арттыру мақсатымен «10-11 сыныптар курсының күрделі тақырыптарын меңгеруде информатика және математика пәндері мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту» курсы өтіп жатыр. Курс кураторы: Муканова Р.А, Дигенова Б.К., Нүрпейсова М.К., Кошыбаева А.Т жетекшілік етті
Курс барысында 10-11 сыныптарда өтілетін күрделі тақырыптарды пысықтап, көптеген жұмыстар жүргізілуде. Сабақ әртүрлі әдістермен қызықты өтуде. Мысалы: жұптық, топтық әдістермен. Әрбір сабақ соңында қортындылап тәжірбиеліік жұмыстар мен тест жұмыстарын орындалды.
Білгеніңді пысықтау бізге қиындықсыз үйренудің қыр-сырын ашып қолданбалы кеңестер береді. Курс бағдарламасы барысында пәндерді оңай түсініп, дағдыларды жеңіл меңгеруге бағытталған. Бұл курс үйренудің жеңіл техникаларымен бөліседі. Үйрену деңгейіңіз бен қабылдау стиліңізге қарамастан бұл курстың сізге берері көп.
Мұғалім үшін өз пәнін жетік білетін сауатты маман болу жеткіліксіз. Білгенін өзгеге өзі түсінетіндей етіп жеткізе алу тек мұғалімнің қолынан келетін өнердің бірі. Осы іске себепші болатын – оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс.
Үйрете алмасақ қанша білімді маман болсақ та, білгеніміз өзімізден артылмай қалады.
Баланың жүрегін толықтай жаулау, білімге деген құмарлығын арттыру әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Міне осы аталмыш курс, осы шеберлікті арттыру барысында бізге өте көп септігін тигізді.