"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Мектебіміздің мақтанышы

19.10.2019

№2 Қосшы орта мектебінің абыройын асқақтатып жүрген мектебіміздің мақтанышына айналған 9 сынып оқушысы  Құрманғали Рахымжан өзінің көп жылдық еңбектерінің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуде. Рахымжан кішкентай кезінен бастап дзюдо күресін жанына серік етті. Төгілген тердің арқасында ауыз толтырып айтарлықтай жеңіске жетуде. 

Атап айтсақ, белбеу күресінен кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионатында ІІ орын, ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшін және Қазақстан Республикасының «Солтүстік Шығыс» Аймақтық біріншілігіне іріктеуге арналған Астана қаласының Чемпионатында ІІІ орын, Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылған Оспан батыр Сіләмұлының 120-жылдығына арналған Республикалық турнирінде ІІІ орын, дзюдодан жасөспірімдер арасындағы халықаралық чемпионатында І орын, Ақмола облысының ашық біріншілігінде ІІ орын, Алматы облысының ашық турнирінде ІІІ орын алды.

Жас әрі талантты жасөспірімнің осындай жетістіктерге жетуі – Нұрбек Ерімбетов есімді бапкердің арқасы. Осындай мектебіміздің дарынды, қабілетті ұлын мақтан тұтамыз. Жастайынан өз алдына үлкен мақсаттарды қоя білген жастарымыздың саны арта берсін.

Просмотров: 684


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст