"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Мектептегі логопед мұғалімнің қызметі

19.10.2019

Қазіргі таңда сөйлеу тіліндегі кемістігі бар балалар күннен-күнге артып келеді. Логопунктағы логопед-мұғалімнің жұмысы, арнайы мекемелердегі топтардан ерекшелігі: балалардың саны жыл бойына өзгеріп отырады. Логопунктте бір маманға 25 бала жүктеледі, әртүрлі жастағы балалар, сонымен қоса психо-физикалық ерекшелігі және түрлі тілдік қорытындысымен ескеріледі.   

Логопед–мұғалімнің негізгі бағыттары:

  • Диагностикалық; Түзету дамыту; Ұйымдастырушылық әдістер; Профилактикалық; Білім беру консультативтік.

Қазақ тілінің өзіне тән екпіні, айту мәнері бар екенін айта кету керек. Мектеп жасындағы балалардың тілін дамыту, сөздік қорын толықтыру, сөйлеу тілінің фонетика-фонематика, лексика-грамматикалық құрылымын байланыстырып сөйлеудің психофизиологиялық қабілетін дамыту бағытында жұмыс істейді. Мектеп логопед-дефектологы Гаухар Бауыржанқызы Бекенова, логопедтер Мамыр Тоғызбаева, Мейрамкүл Әділбекқызы Романова оқушылардың тіл мүкістігінде кездесетін проблемаларды жан-жақты зерттеп, көмектесуге барын салады. Оқушылардың барлығы таза, әдемі, әуезді және сауатты сөйлеуіне ат салысады.

Просмотров: 641


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст