2019 жылғы 11 қазанда №2 Қосшы орта мектебінің акт залында тәрбие бөлімі мен педагог-психологтардың ұйымдастыруымен «Қыз болашағы–ел болашағы» онкүндігін өткізудің іс-шаралар жоспарына сәйкес 8-11 сыныптың қыздары мен сынып жетекшілерінің қатысуымен «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында алдын алу іс-шарасы өткізілді. Онкүндік аясында мектеп психологтары А.Ж.Байжанова, Г.Ж.Маратова, Г.С.Бапаева жасөспірім қыздарға өзара қарым-қатынас, репродуктивтік денсаулық мәселелері бойынша ақпаратты кеңінен таратуды және кеңес беруді қамтамасыз етті.
Мектепте оқитын кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында жүктіліктің алдын алу және отбасын жоспарлау туралы репродуктивті сауаттылықты жоғарылату мақсатында мектептің медбикелері Қ.С. Толыбаева, Ж.А.Баракова контрацепция әдісі, ерте жүктіліктің алдын қалай алуға болады, келеңсіз жағдайларға тап болғанда алғаш кімге жүгінуге болады, жалпы бас гигиенасы, шаш-тырнақты алып жүру туралы баяндады. Дәрігерге уақытында қаралғанның өзі көптеген проблемалардың алдын алуға болатындығы айтылды.
Шарада қазіргі қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайлар жөнінде мамандарға бірнеше сұрақтар қойылып, қаламаған жүктіліктің алдын алу бойынша
бейнеролик көрсетілді, қатысушыларға үлестірме жаднамалар таратылды.