2019 жылғы 10 қазанда №2 Қосшы орта мектебінің акт залында мектеп психологтары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастырумен оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру, темекінің ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлері, олардың алдын алу шаралары, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Өзіңді және айналаңды зиянды әдеттерден қорға» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға педагог-психологтар А.Ж.Байжанова, Г.Ж.Маратова, Г.С.Бапаева, М.Ә.Романова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Т.Қаратаев, Н.Қ.Жағабаев, мектеп медбикесі Л.С.Нұртазина, 8-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері, аға тәлімгер Ә.Е.Ахмет қатысты.
Халқымыздың арасында кең тараған зиянды әдет - темекі шегуге жетелейтін себептерді анықтау, олардың адам ағзасына келтіретін зиянын ашу, оқушыларды одан жирендіру, оқушылардың күнделікті денсаулығын шынықтыру, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты айтылды. Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өсіп келе жатқан жеткіншектерге түсіндіру аса маңызды.
Бейнероликтер көрсетіліп, іс-шара соңында барлық қатысушыларға жаднамалар таратылды.