Текст
2019 жылғы 3 қазанда «Жердің температурасы бар», «Мұхиттар қауіпті жағдайда», «Егер жер алма болса» тақырыптарында экосағат өткізілді. Экосағаттың мақсаты – өсіп келе жатқан жеткіншектерді табиғи ресурстарды, өсімдік пен жануарлар әлемін, су ресурстарын сақтауға баулу болып табылады. Іс-шара аясында бастауыш, орта және жоғары сыныптарда танымдық-дамытушылық сабақтар өткізілді.
Атап айтқанда, биология пәнінің мұғалімі А.Б.Шакеева «Табиғатты қорғау, саналы адамның көрінісі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Іс-шараға Қосшы ауылдық округының әкімі Е.М.Жолымбетов, Қосшы ауылдық полиция бөлімшесінің инспекторы А.М.Іздаулетова, ата-аналар комитетінің төрайымы Н.А.Поспелова қатысты.