"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Дала дауылпазына 125 жыл!

29.09.2019

 Ұлт руханиятының «Үш бәйтерегі»  қазақтың асқақ рухты, ұлтжанды ұлдары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл. Өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болса да, артта қалған ұрпаққа ғибратты да мәнді туындылар мирас еткен «Үш бәйтеректің»  осы мерейтойы қарсаңында,   28.09.2019 ж күні, #2 Қосшы орта мектебінің  8 "Г" және 8 " Ж" сынып оқушылары Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Ахмет ауылы, С.Сейфуллиннің мектебіндегі мұражайда қонақ болды. 
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» үндеуі аясында  саяхат  жасап, С.Сейфуллиннің мемориалды-ғұмырнамалық мұражайымен танысты.   Іс-шараны ұйымдастырушылар: аудандық Аналар кеңесінің  төрайымы З.Б.Какабаева, Қосшы Мәдениет үйінің кітапхана меңгерушісі  Д.М.Бекова, " Ерке-Наз" қыздар клубының жетекшісі А.И.Изтлеуова. Әз-Тәуке ханның ұрпағы, Ақмола бекінісін салушы Қоңыр-Құлжа Құдаймендеұлының баласы Ахмет төре Ыбырайұлының  атымен аталған " Ахмет  ауылымен" , С.Сейфуллиннің  1916-1917 жылдары ұстаздық  қызмет еткен мектеп мұражайымен таныстырған, қонақжайлылық танытқан - мектеп басшысы А.Е.Балабиев  мырзаға алғысымыз шексіз!  

Просмотров: 640


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст