"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

«ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-аналар: өз балаңа үлгі бол» республикалық конференциясы өткізілді

26.09.2019

2019 жылғы 26 қыркүйекте №2 Қосшы орта мектебінің акт залында ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету мақсатында «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-аналар: өз балаңа үлгі бол» тақырыбында республикалық ата-аналар конференциясы болып өтті. Іс-шараға мектеп директоры Мая Чакенқызы Мукашева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Айдар Темірғалиұлы Қаратаев, Нұртас Құрманғалиұлы Жағабаев, сынып жетекшілері, мектеп психологтары А.Ж.Байжанова, Г.Ж.Маратова, Г.С.Бапаева, аға тәлімгер А.Е.Ахмет қатысты. Мектеп директоры Мая Чакенқызы осы іс-шараның ата-аналар, мұғалімдер үшін маңыздылығын атап көрсетті.

Мектеп психологтары оқушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ғаламтор-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар, оқушылар ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасылық құндылықтарды нығайту сынды өзекті тақырыптарды талқылады.

Сонымен қатар, ата-аналарға бейнероликтер көрсетілді.

 

Просмотров: 662


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст