"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

JasSkills Аqmola-2022

18.04.2022

2022 жылдың 13-15 сәуір аралығында Ақмола облысында Балалар жылы аясында алғаш рет ұйымдастырылған «JasSkills Аqmola-2022» чемпионаты Көкшетау қаласының Болашақ сарайында өтті.
«JasSkills Аqmola-2022» чемпионатында қатысушылар «Мобильді робототехника», «Графикалық дизайн»,  «Веб дизайн және әзірлеу», «Компьютерлік  ойындарға арналған 3D модельдеу»,  «Бизнеске арналған ІТ шешімдері», «Көркем ағаш ою» құзыреттіліктері бойынша бақтарын сынады. Чемпионатқа Ақмола облысының 10 ауданы, 3 қаласы және 4 облыстық мамандырылған мектеп-интернаттарынан жалпы 17 команда, 82 қатысушы, 38 эксперт-компатриот қатысқан болатын. Оның ішінде Қосшы қаласының №2 Қосшы ЖОББМ оқушылары 7 «А» сыныбы Тұрлымбек Дулат, 9 «А» Сейсен Тамерлан, 9 «Г» Досмағанбетов Рахат, 9 «Е» Елеусіз Болат, Сатанов Давид, Султангалиев Алан 8 «Е» Сембек Нургали қатысты. Жетекшілері: Кошыбаева А.Т., Түспек Е.
Ақмола облысында Балалар жылы аясында алғаш рет ұйымдастырылған «JasSkills Аqmola-2022» чемпионатына қатысқаны үшін барлықтарына сертификат берілді. Оқушылар үшін бұл жаңа танысу, жаңа эмоциялар, тәжірибе, достық қарым-қатынаста болып, көтеріңкі көңіл күймен қайтты. Оқушыларымызға шығармашылық табыс, болашаққа деген сенімдеріңіз арта берсін!

 

Просмотров: 545


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст