Мектебімізде PISA-2022 халықаралық зерттеуі өткізіледі
PISA (Programme for International Student Assessment) – 15-жастағы білім алушылардың оқу, математика және жаратылыстану сауаттылығы бойынша оқу жетістіктерін бағалауға арналған халықаралық зерттеу. Зерттеуді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (Organization for Economic Cooperation and Development) әр үш жыл сайын өткізеді.
PISA алғаш рет 2000 жылы жүргізілді, ал Қазақстан зерттеуге 2009 жылдан бері 5-рет қатысқалы отыр. Зерттеу жалпы міндетті білімді меңгерген оқушылардың қоғаммен толыққанды әрекеттесуге қажетті білім мен дағдыларға қаншалықты ие екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
PISA зерттеуінің нәтижесінде қатысушы елдер ұлттық білім беру жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын анықтау, оны одан әрі дамыту үшін жаңа реформалар мен бастамаларды әзірлеу үшін объективті деректер базасын алады. Зерттеуге қатысу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуындағы трендтерді өлшеуге мүмкіндік туады.
Сонымен қатар, PISA нәтижелері әртүрлі білім беру жүйелерін салыстыруға және ұлттық білім беру стратегияларын әзірлеуде жетекші елдердің тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік береді.
Осыған орай, мектебімізден 8,9,10 сыныптардан 42 оқушы биылғы зерттеуге қатысуға дайындалуда. Оқушылардың тыңғылықты дайындық жасауы үшін арнайы график жасалып, кабинеттер дайындалды.
Оқушылар 25 наурыз күні математикалық сауаттылығы бойынша дайындықтан өтсе, бүгін, 26 наурыз күні география және химия пәндерінен PISA тапсырмаларын орындады. Оқушыларға мұғалімдер: А.Серикова, К. Сералимов, Нажбиева Г.С., Мукатаева Ш.Ж., Ш. Иржанова, П.Қызылбаева, М.Сейткамзина, Ж. Темиралиева «Аман Султан» тренажерымен және қағаз варианттағы тапсырмалар беріп, дайындықтарын пысықтады.
Мектеп директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары, мектеп координаторы: Танатарова П.Б.