Текст
“Өзіңнің көңіл-күйіңе әсер ет және оны жақсарт” тақырыбында тренинг-сабақ
15.03.2022 жылы мектеп психологі Маратова Гүлдана Жарқымбекқызы 8 «Г» сыныбы оқушыларымен “Өзіңнің көңіл-күйіңе әсер ет және оны жақсарт” тақырыбында тренинг-сабақ өткізді. Тренинг-сабақтың мақсаты: оқушыларды психикалық денсаулық турала толық ақпараттандыру, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, эмоционалды интеллектті көтеру бойынша жаттығулармен таныстыру. Сабақ соңында оқушылармен қосымша “Менің жүрегімнің картасы”, “Менің жүрегімдегі эмоциялар” тақырыбында арт-терапиялық жаттығулар жасалды, оқушыларға психикалық денсаулықты нығайтуға арналған кітапша таратылды.