"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

«Тіл дарын - 2022» байқауы

27.03.2022

«Тіл дарын - 2022» байқауы

              №2 Қосшы орта мектебінде 11 ақпан күні ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі әдістемелік бірлестіктерінің ұйымдастыруымен мектепішілік «Тіл дарын - 2022» байқауы ұйымдастырылды.
Байқау мақсаты: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтап, қолдау. Іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді меңгеру деңгейін анықтау. Үштілдікті насихаттау; Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру; тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру; жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу; тіл мәдениетін жетілдіру; оқушылардың үш тілде оқып-үйренуіне ықпал жасау және оларды ынталандыру. Сонымен қатар, жеңімпаз оқушыларды аудан көлемінде өтетін «Тіл дарын - 2022» байқауына жіберу.
Байқауға мектебіміздің 9-11 сыныптар арасынан 18 оқушы қатысуға өтініш білдірді. Байқау 5 кезеңнен тұрды. Олар: «Полиглот», «Мәдениеттаным», «Ұлттаным», «Тең шарттарда диалог», «Түйіндеме». Әр кезеңде әр оқушы өзінің қабілетіне қарай берілген тапсырмаларды мұқият орындады. Оқушылар өз білімдерін жан-жақты көрсете білді.
Байқау нәтижесі бойынша Элегати Мерей 8 И сыныбы, Құттымұрат Арайлым 9 Б сыныбы, Нуржан Исбулганов 11 Ә сыныбы, Қуантаева Ақмейір 10 А сыныбының оқушылары жоғары көрсеткіш көрсетті. Осы оқушыларға аудандық байқауға жолдама берілді.

Просмотров: 414


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст