Текст
«Менің Отанымның жүрегі» атты қолөнершілер байқауы
2-11 ақпан аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің Отанымның жүрегі» атты қолөнершілер байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Туған еліне аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін дамыту, Отанына деген мақтанышын арттыру.
Байқауға 8 сынып қатысып, келесі сыныптар жеңімпаз атанды:
I орын – 2 «П» сынып
II орын – 2 «Ә» сынып
III орын – 1 «Ғ» сынып
Жүлделі орын алған сыныптарды шын жүректен құттықтаймыз!