Текст
"Кім миллионды алғысы келеді?" зияткерлік ойыны
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай, қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі аясында 5-сыныптар арасында "Кім миллионды алғысы келеді?" айдарымен зияткерлік ойын өткізілді. Сайыстың мақсаты оқушылардың ақынның мысалдарын оқып, танысып, өз білімдерін ортаға салу болды. Сайысты өткізген ұстаздар Абилхамитова Р. К. және Аманжолқызы Айдана. Ойынға қатысқан 13 оқушы грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Ал ойынның жеңімпазы 5 “Л“ сынып оқушысы Жеңіс Табиғат грамота және ақшалай сыйлыққа ие болды. Құттықтаймыз!!! Жас өрендерге келешекте зор табыстар тілейміз.