"Тәуелсіздік тұғырым" атты викториналық сайыс
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектебіміздің жас мамандар арасында "Тәуелсіздік тұғырым" атты викториналық сайыс ұйымдастырылды. Сайыс 3 турдан тұрды. Сайыста әділ-қазылар алқасы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақтияр Сайран Бәкенұлы., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахимжанов Асхат Канашович және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мамытова Жібек Алтынбековна болды.
Барлық қатысқан жас мамандарға грамота берілді. І орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сабирова Жұлдыз, II орынды ағылшын тілі пәні мұғалімі Токанова Талшын және III орынды Тарих пәнінің мұғалімі Мұхамадиева Дарья иеленді. Ұйымдастырушылар: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұқашев Қайрат Манатбекұлы және Бекбенбетова Улжан Балтабаевна.