«Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты
эссе жазу сайысы
№2 Қосшы орта мектебінің 11 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты эссе жазу сайысы өтті. Сайыстың мақсаты – оқушылардың бойына ұлтжандылық сезімін ұялатып, отанға деген адалдықты қалыптастыру. Алаштың аяулы ақыны Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деп айтқандай, еліміздің тәуелсіздігін нығайтатын, жарқын болашаққа бастайтын өскелең ұрпақты тәрбиелеу маңызды. Оқушыларымыздың еліміздің көркеюіне, одан әрі дамуына өз үлесін қосады деген сенімдеміз. Сайыс қорытындысы бойынша, 11 А сынып оқушысы Ғылымбеков Іңкәрдің жазған жұмысы құрылымы бойынша эссе жазудың талаптарына сай және келтірген дәлелдері мен ой-пікірі тақырыпты толығымен ашып ең үздік деп танылды. Одан бөлек 4 оқушы: Жексенбаева Анель, Тілеген Шырын, Бәкен Ботагөз және Жұмабекова Сабина сәйкесінше 2 ші және 3ші орындарды иеленді. Құтты болсын!!!