2019 жылы 21.02-1.03 аралығында 8 – наурыз Халықаралық қыздар мерекесіне орай «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты 1-10 сыныптар арасында онкүндік өткізілді.
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Іс-шараны барысы: Онкүндіктің жоспары бойынша 1-2 сыныптар арасында «Әнші болғым келеді» тақырыбында ән байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты оқушылардың әнге, өнерге деген қызығушылығын арттыру және дауысымен, әнге биге деген қабілеттерін шыңдау. Іс-шараның жеңімпазы
1 «И» сынып оқушысы Буланова Софья. 3 сыныптар арасында
«Көктем аруы - 2019» сұлулар байқауы өткізілді. Іс-шараға 15 ару қатысты. Жеңісті қанжығасына байлаған 3 «Р» сыныбының оқушысы. Жеңімпазға бағалы сыйлықтар мен диплом, карона және «Көктем аруы - 2019» лентасы салтанатты түрде табысталды. «Әнші болғым келеді» ән байқауы 5-6 сыныптар арасында да өткізіліп, көптін ішінен 6-сыныптар арасында 6 «В» сынып оқушысы Усманова Тахмина, 5-сыныптар арасында 5 «А» сынып оқушысы Заманбек Айбибі суырылып шығып, бас жүлдені иеленді. 7-сыныптар арасында өнермен қатар білімді де шетке қалдырмау мақсатында «21 ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өткізілді. Білім байқауына 9 оқушы қатысты. Жүлделі бас жүлдені 7 «Ә» сынып оқушысы Абубакирова Жансая иеленді. 8-сынып арулары арасында «Бұрымды ару» байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқауда 7 ару бақ сынасты. Бұрымдылар байқауы өте қызықты және жоғары деңгейе өткізілді. Бұрымды ару атағын, лентасын және бағалы сыйлығын 8 «А» сынып оқушысы Әбдірахым Ақерке иеленді.
Жылда өткізілетін, дәстүрге айналған «Mrs and Ms school - 2019» байқауы
9-10 сыныптар арасында өткізілді, Іс-шараның мақсаты Оқушылардың ой-өрісін қалыптастыру, сахна мәдениетін үйрену, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және шыңдау және шығармашылықпен қатар білімін сынау. Байқауда бас жүлдені 10 «Ә» сынып оқушылары жеңіп алды. Сонымен қатар онкүндікте тек оқушылармен байқау ұйымдастырып қана қоймай, ұстаздар қауымы арасында да "Әрбір ұстаз – бір жұлдыз" атты ән байқауы өткізілді. Ұстаздар әдістемелік бірлестік болып бақ сынады. Бас жүлдені дене шынықтыру пәні әдістемелік бірлестік жетекшілері иеленді. Апталық жоғары деңгейде өткізілді, барлық қатысушыларға диплом және бағалы сыйлықтар таратылды.