21.11.2025
Мақсаты:
Оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру және жас көшбасшылар арасындағы тәжірибе алмасу алаңын құру.
Міндеттері:
оқушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту;
жауапкершілік, бастамашылдық, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
дарынды, белсенді оқушыларды қолдау және мадақтау;
облыс деңгейінде білім алушылардың өзара байланысын нығайту.
«Бағытымыз айқын, мақсатымыз анық» облыстық байқауында 57 қатысушының ішінен Қосшы қаласы, жүлделі III орынға ие болды.
“Мен – елімнің ертеңімін” облыстық жас көшбасшылар форумына белсене қатысқаны үшін жас көшбасшысы алғыс хатпен марапатталды.
Форумда Қосшы қаласының атынан қатысып, сертификаттарға ие болған оқушылар:
Ахметжан Арайлым – №2 ЖОББМ
Қайрат Айша – №4 ЖОББМ
Умарова Жұлдыз – Тайтөбе ауылы ЖОББМ
Тоқтархан Жанел – Р.Қошқарбай атындағы №1 ЖОББМ
Ақбергенова Мерей – Р.Қошқарбай атындағы №1 ЖОББМ
Ұйымдар тізімі