Текст
21.11.2025
Мектебіміздің «Тұмар» аналар клубы қамқоршы аналар мен көпбалалы отбасылардың аналарына қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акция аясында клуб мүшелері өз тараптарынан демеушілік жасап, қалалық мәдениет орталығында өтетін «Жадымда қалған әуендер» ретро концертіне билеттер және тәтті сыйлықтар табыстады.
Бұл игі іс-шара аналарға қуаныш сыйлап қана қоймай, мектеп қауымдастығындағы мейірім мен бірліктің жоғары деңгейде екенін көрсетті. «Тұмар» аналар клубы алдағы уақытта да әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отыр.
Ұйымдар тізімі