20.11.2025
Қосшы қаласы
"№2 ЖОББМ"КММ
*"Балалар кітапханасы" жобасы аясында кітап оқуға ынталандыру*
21.11.2025-228.11.2025 аралығында мектебімізде "Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру шеңберінде *"Тұмар" аналар клубының* ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары арасында *"Кітап оқы" челленджі* бастау алды.
*Үздіктерге сыйлықтары 28 қараша 2025 күні табысталады!*
*Мақсаты:*
- Бастауыш сынып оқушыларына кітап оқудың маңызын түсіндіру;
- Оқу сауаттылығын арттыру;
- Бос уақытты тиімді өткізуге дағдыландыру.
*Челлендж шарты:*
Оқушылар аптасына бір кітап оқып, мазмұнын айтып, қысқаша пікір білдіреді. Ең белсенді оқушылар *кинотеатрға бару билеттерімен* марапатталады.
*Міндеті:*
- Балаларға кітап оқуды қызықты ету;
- Отбасылық оқуды насихаттау;
- Ата-аналарды тәрбие процесіне тарту.
Челлендж балалардың қызығушылығын арттырып, сыныптастары арасында үлгі болуға ынталандырады.
Ұйымдар тізімі