22.09.2025
2025 жылғы 22 қыркүйек күні 5-10 сынып оқушылары арасында өзге ұлт өкілдері үшін республикалық "Тіл – тәуелсіздік тұғыры" атты олимпиада ұйымдастырылды.Олимпиаданың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Шара барысында оқушылар қазақ тілінде білімдерін сынап қана қоймай, өз ойларын еркін жеткізу және шығармашылық тапсырмаларды орындау мүмкіндігіне ие болды. Академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін олимпиада YouTube желісінде тікелей эфир арқылы көрсетілді. Бұл әдіс оқушылардың әділ бағалануы мен жарыс нәтижелерінің ашықтығын қамтамасыз етті. Олимпиадаға қатысқан барлық оқушылардың нәтижелері 8 қазан күні жеке кабинеттерінде жарияланады. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім мен мемлекеттік тілдің мәртебесін ұялату, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және оқушылар арасында ынтымақтастық пен шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен үлес қосады.

Ұйымдар тізімі