"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Сабақта оқушының дербес танымдық әрекетін арттыру бойынша жүргізілген зерттеу жұмысы туралы есеп

20.11.2025

Бүгін, яғни қараша айының 20-сы күні, сабақ зерттеу тобы жоспарға сәйкес жұмыс жүргізді. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – сабақ барысында оқушының дербес танымдық әрекетін арттыру, оқу тапсырмаларын өздігінен орындау дағдыларын бақылау және мұғалімнің қолданған педагогикалық әдістерінің тиімділігін анықтау болды. Бақылау барысында топ мүшелері сабақтың құрылымын, мұғалімнің оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін, тапсырмалардың деңгейін және олардың оқушының танымдық белсенділігіне әсерін талдады. Сонымен қатар оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, өз бетімен ой қорытуы, оқу материалына қызығушылық білдіруі, тапсырмаларды орындау жылдамдығы мен дәлдігі зерделeндi. Зерттеу нәтижесінде оқушылардың дербес жұмыс жасау дағдысын дамытуға ықпал ететін тиімді әдіс-тәсілдер, соның ішінде топтық және жеке жұмыстар, сараланған тапсырмалар, өзіндік ойлануға бағытталған сұрақтар мен рефлексиялық әрекеттердің оң әсері анықталды. Сондай-ақ оқу процесін жетілдіру мақсатында бірқатар ұсыныстар берілді: тапсырмаларды күрделендірудің бірізділігін сақтау, оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру, белсенді әдістер үлесін арттыру және кері байланыс сапасын күшейту. Қорытындысында зерттеу тобы сабақ үдерісінің жалпы тиімділігін бағалап, оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру бағытында жұмыс жүйелі жүргізілгенін атап өтті. Аталған қорытындылар мен ұсыныстар алдағы әдістемелік жұмысқа негіз болмақ.

 

Просмотров: 47


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст