"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

4-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі

13.11.2025

Қараша айының 12–13 күндері мектебімізде 4-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. Білім бәсекесіне барлығы 157 оқушы қатысып, түрлі пәндер бойынша өз білімін көрсетті. Балалардың тырысуы, қызығушылығы және белсенділігі – біз үшін үлкен мақтаныш! Нәтижесінде үздік көрсеткішке ие болған 37 оқушы келесі кезеңге жолдама алып, мектебіміздің намысын қорғауға мүмкіндік алды. Бұл — олардың еңбегі мен талпынысының жемісі. Барлық қатысқан оқушыларға алғыс айтамыз! Келесі кезеңге өтетін білімпаздарымызға шыңдалған дайындық, жарқын жеңіс және сәттілік тілейміз!

Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст