✅Бүгін 20 маусым күні “Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де жалпы орта білім беру кезеңін тәмамдаған мектеп түлектеріне арналған аттестат табыстау салтанатты жиыны өтті. Бұл – әрбір жас түлек үшін есте қаларлық, толқыныс пен қуанышқа толы сәт.
✅Биылғы оқу жылын мектебімізден 64 оқушы аяқтап отыр. Олардың арасында 1 түлегіміз “Алтын белгі”, 4 түлегіміз “Үздік аттестат” иегері атанып, өздерінің үздік білімін, табандылығын және еңбегін дәлелдеді. Бұл – оқушылардың ғана емес, ата-аналар мен ұстаздар еңбегінің жемісі.
✅Салтанатты шара барысында мектеп директоры мен мұғалімдер жылы лебіздерін білдіріп, түлектерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ата-аналар мен түлектер тарапынан да ризашылық пен алғыс сөздер айтылып, әсерлі естеліктермен бөлісті.
✅Мақсаты – мектеп бітірушілердің өмірлік маңызды белесін атап өту, білім жолындағы еңбектерін бағалау және болашаққа деген сенімін арттыру.
https://www.instagram.com/reel/DLHvOxSohqO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
⚜️БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ⚜️
ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН
ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
ТӘУЕЛСІЗДІК ОТАНШЫЛДЫҚ
ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК
БІРЛІК ЫНТЫМАҚ
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#oqu_agartu_ministrligi
#gani.beisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva
#saltanat.temirgali
#Bilim.guni
#қазақстанбалалары
#здоровыеисчастливыедети
#заботадетях
#балаларүні