⚜️«Балдәурен» мектеп жанындағы жазғы лагерінде бүгін 19 маусым – «Ұлттық құндылықтар» күні.
⚜️Бұл күннің мақсаты – балалардың бойында ұлттық дәстүрлерді, салт-сананы, рухани байлықты дәріптеу, оларға ата-бабалар аманатына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
⚜️Осы орайда лагерьде «Әжемнің ертегісі» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Шараға арнайы шақырылған аяулы әже Роза Тоқтажанқызы балаларға қазақ халық ертегілерін шынайы ықыласпен, ерекше әсерлі дауыспен оқып берді. Әжеміздің ертегі айтқандағы мейірімді үні мен әсерлі әңгімелері балаларды ертегілер әлеміне жетелеп, қиялдарына қанат бітірді. Балалар ертегі тыңдап қана қоймай, ертегіден түйген ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, ұлттық құндылықтар туралы әңгіме өрбітті.
⚜️Осындай жылы жүздесу балаларға ата-бабадан қалған асыл мұраның, әңгіме мен ертегінің тәрбиелік мәнін түсінуге, үлкендерді құрметтеуге және өз мәдениетіне деген сүйіспеншілікті арттыруға мүмкіндік берді.
⚜️«Ұлттық құндылықтар» күні барша қатысушылардың жүрегінде ұзақ сақталатын, ерекше әсерлі күн болды.
⚜️БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ⚜️
ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН
ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
ТӘУЕЛСІЗДІК ОТАНШЫЛДЫҚ
ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК
БІРЛІК ЫНТЫМАҚ
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#oqu_agartu_ministrligi
#gani.beisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva
#saltanat.temirgali
#Bilim.guni
#қазақстанбалалары
#здоровыеисчастливыедети
#заботадетях
#балаларүні