💫«Балдәурен» мектеп жанындағы жазғы лагерінде балалар қаламыздағы кинотеатрға «Айдаһар мінген шабандоздар» атты фильмге барды.
🎯Мақсаты:
Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, көркем фильм арқылы қиялын дамыту, достық, ерлік, батылдық секілді адамгершілік құндылықтарды насихаттау.
🍿Кино көру барысында балалар фильм кейіпкерлерінің батылдығына, достарына деген адалдығына тәнті болды. Олар көріністерден нағыз достықтың, табандылықтың және армандарға жету жолындағы қажырлы еңбектің маңызын терең түсінді. Фильм соңында балалар өзара пікір алмасып, ұнаған сәттері мен алған әсерлерін бөлісті.
🍿Мұндай танымдық іс-шаралар балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуге, шығармашылық ойлауын дамытуға, сондай-ақ қоршаған ортамен еркін қарым-қатынас жасауына зор ықпал етеді.
https://www.instagram.com/reel/DLCGEPwsQ6Y/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==