"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

"Балдәурен" мектеп жанындағы жазғы лагерінде балалар үшін қызықты әрі танымдық «Қазына аралы» атты квест ойыны ұйымдастырылды.

05.06.2025

☀️ Бүгін 5 маусым күні «Балдәурен» мектеп жанындағы жазғы лагерінде балалар үшін қызықты әрі танымдық «Қазына аралы» атты квест ойыны ұйымдастырылды.
🎯 Мақсаты: балалардың дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлық пен командалық жұмыс дағдыларын дамыту, сондай-ақ достық қарым-қатынас пен бір-біріне көмектесу сезімдерін қалыптастыру.
🗺️ Ойын барысы: Балалар бірнеше топқа бөлініп, арнайы дайындалған карта бойынша түрлі кезеңдерден өтті. Әр кезеңде олар жұмбақтарды шешіп, тапсырмаларды орындап, кедергілерден өтіп, жасырынған қазынаны табуға тырысты. Бұл тапсырмалар балалардың ептілігі мен шапшаңдығын сынап, бірлесіп жұмыс істеуге үйретті.
🎉 Нәтиже: Ойын соңында барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен, жаңа достар тауып, ұмытылмас әсер алды.
Мұндай квест ойындары балалардың жан-жақты дамуына, шығармашылық қабілеттерінің ашылуына және белсенді демалыс өткізуіне үлкен ықпал етеді.

https://www.instagram.com/reel/DKgnbtjsuu7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Просмотров: 32


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст